"Сіздің анаңыз да хиджабтан аулақ болған": Хиджабты қолдаған Арман Даулетяровтың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сіздің анаңыз да хиджабтан аулақ болған": Хиджабты қолдаған Арман Даулетяровтың басы дауға қалды

"Сіздің анаңыз да хиджабтан аулақ болған": Хиджабты қолдаған Арман Даулетяровтың басы дауға қалды

Арман Дауетяров әлеуметтік желіге хиджаптағы әйелімен түскен суретін салып, хиджапты қолдайтынын айтты. 

  • 22 Мамыр 2023
  • 322
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол  Instagram желісінде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

 "Хиджап кию мен ислам туралы түсінікті көпшілік алдында айыптауға ешкімнің құқығы жоқ. Ең болмағанда ұлттық дәстүрді исламнан ажырата білу керек. Біздің ата — бабамыз ислам ережелерін сақтаған. Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының және басқа да ұлы тұлғалардың шығармаларын оқыңыздар. Онда нағыз дәстүрлі исламның әдемілігі көрсетілген.  Дінге әр адам өз уақытында келеді. 

Менің жұбайым хиджабқа бірнеше жыл бұрын келді. Мен оның бұл шешімін шын жүректен қолдадым. Содан кейін ол маған "Мен өзімді енді ғана тыныш және қорғаны бар адам ретінде сезіндім, себебі мұны мен Алла Тағала үшін жасадым" деді. Менің ойымша, жабық киінген әр әйел өзін осылай сезінеді. Бәрінің өз уақыты бар, Инша Аллах", — деп жазды ол.