"Сізге сенемін": Қайрат Нұртас Тоқаевты жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сізге сенемін": Қайрат Нұртас Тоқаевты жеңісімен құттықтады

"Сізге сенемін": Қайрат Нұртас Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Қайрат Нұртас Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтап, елдегі бірнеше мәселелерді шешуін сұрады.

  • 13 Маусым 2019
  • 227
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды.

"Құрметті Қасымжомарт Кемелұлы! Сіздің ресми түрде Президент болғаныңызбен шын жүректен құттықтаймын! Аса құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы сенім артқаннан кейін мен Сізге сенемін. Сіздің қарапайым екеніңізді, xалыққа жақын екеніңізді де білемін! Қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда, xалықтың бір өкілі ретінде, Сізге xалықтың аманатын әлеуметтік желіде жеткізуді жөн санадым! Ең бірінші мәселе жастардың жұмыссыздығы, жастар оқу бітірген соң қайда барарын білмей қаңғып жүргендері аз емес. Екінші мәселе, қарапайым xалықтың алатын айлығы өте аз, көп адамның ашынып отырғаны да осы мәселе… Өз сөзіммен айтқанда былай тартсам да жетпейді, былай тартсам да жетпейдінің күйін кешіп отыр. Осы мәселелердің оң шешімін табатынына күмәнім жоқ. Биылғы 2019 жыл Жастар жылы болуына байланысты жастарды қолдауыңызды және де Нұр Отанның делегаты ретінде, жастардың бір өкілі ретінде мені қабылдауыңызды сұраймын! Ешбір қазақтың жыламағанын сіз де, мен де қалаймыз", — деп жазды ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Кайрат Нуртас (@kair_n) on

 

Соңғы жаңалықтар