СК: Сенат депутаттығына 86 кандидат ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СК: Сенат депутаттығына 86 кандидат ұсынылды

СК: Сенат депутаттығына 86 кандидат ұсынылды

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша 2011 жылғы 30 маусымдағы жағдайға қарағанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына барлығы 86 кандидат ұсынылған.

  • 1 Шiлде 2011
  • 486
Фото - Caravan.kz

Олардың ішінде: Астана қаласы бойынша — 5 адам; Алматы қаласы бойынша — 7 адам; Ақмола облысы бойынша — 5 адам; Ақтөбе облысы бойынша — 4 адам; Алматы облысы бойынша — 4 адам; Атырау облысы бойынша — 4 адам; Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 5 адам; Жамбыл облысы бойынша — 9 адам;

Батыс Қазақстан облысы бойынша — 4 адам; Қарағанды облысы бойынша — 6 адам; Қостанай облысы бойынша — 4 адам; Қызылорда облысы бойынша — 8 адам; Маңғыстау облысы бойынша — 4 адам; Павлодар облысы бойынша — 4 адам; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 7 адам; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша — 6 адам.

15 адамды мәслихаттар ұсынған, тағы 71 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Ұсынылған кандидаттар арасында 4 әйел бар.

86 үміткердің 9-ы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары болып табылады (Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары).

Ұсынылған кандидаттардың 42-сі — «Нұр Отан» партиясының мүшелері. «Ақ Жол», «Ауыл», «Руханият» партиялары мен Қазақстанның патриоттар партиясынан бір-бір кандидаттан ұсынылған. 16 адам өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген. 24 адам -партияда жоқтар.

Ортсайлауком Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 19 шілдеге дейін жүреді.

Кандидаттарды тіркеуді облыстық, Алматы және Астана қалалық сайлау комиссиялары 29 шілдеге дейін жүргізеді.

Қазіргі сәтте Сенат депутаттығына 54 кандидат тіркелді.

Соңғы жаңалықтар