С.Каратанчева АҚШ-та ITF сериясы бойынша өткен турнирде нидерландылық спортшыдан жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Каратанчева АҚШ-та ITF сериясы бойынша өткен турнирде нидерландылық спортшыдан жеңіліс тапты

С.Каратанчева АҚШ-та ITF сериясы бойынша өткен турнирде нидерландылық спортшыдан жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-тың Оспри қаласында өткен сыйлық қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериясы бойынша өткен турнирді жалғастыра алмайтын болды.

  • 2 Сәуiр 2012
  • 412
Фото - Caravan.kz

Ақтық ойындарда С.Каратанчева нидерландылық Аранте Рустан 4:6, 1:6 есебімен жеңілді. Естеріңізге сала кетейік, С.Каратанчева WTA рейтингі бойынша 127-ші орында тұр. Ал Рус аталмыш рейтинг бойынша 97-ші орында.

Қазақстандық спортшы аталмыш жарыстың бірінші айналымында осы турнирдің екінші ракеткасы, Беларусь спортшысы Анастасия Якимованы 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын. Екінші айналымда Джесика Пегуладан 6:3, 4:6, 6:1 есебімен басым түсті. Ширек финалда франциялық Ализе Корнені 7:6 (3), 6:4 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалдық матчта қазақстандық теннисші осы турнирдің үшінші ракеткасы, ресейлік Александру Панованы 7:6(6), 6:3 есебімен жеңді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера