Жарияланды: 310

«СК-Астана» қорында жаңа бас директор таныстырылды

Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ аппаратының басшысы Ұлан Тәжібаев «СК-Астана» бірлескен қоры ұжымына жаңа бас директор Ерлан Дәрімовты таныстырды.

Бұл туралы қордың баспасөз қызметінен хабарлады. Ерлан Қожабергенұлы Дәрімов А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдады. «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес саласындағы магистр болып табылады. Еңбек жолын «Қостанай облыстық қаржы департаменті ММ-нің мемлекеттік кәсіпорындарындағы ішкі бақылауды жүзеге асыру бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады. 2011 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ішкі аудит қызметін басқарды. 2012 жылдың наурыз айынан бастап «СК-Астана» бірлескен қоры бас директорының міндеттерін атқарушы, қазіргі кезде оның директоры болып табылады. «СК-Астана» бірлескен қоры 2 жыл бойы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын үйлестіру және басқарумен айналысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін