Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— Бүгінде республика бойынша қаңғыбас жануарларды реттеуге қатысты заң күшіне енді және стерильдеу механизмі жүріп жатыр. Жалпы, біздің облыста және ел бойынша бұл бағытта ветеринарлық қызметтер бірінші кезекте қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысады, екінші — чиптеу, үшінші — вакциналау, төртінші — стерильдеу жүргізіледі», — деп түсіндірді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы процедуралардан кейін жануарлар қайтадан өз ортасына жіберіледі.
— Біз шамамен 450 қаңғыбас жануарды ұстап, чиптеп, вакциналап, стерильдеп, мекендеу ортасына қайтардық. Оған қоса, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Облыс орталығында «Исаев» жеке кәсіпкерлігі басқаратын бір қабылдау пункті бар, оның жағдайы өте жақсы, 500 ит пен 300 мысықты қабылдай алады. Қызылжар ауданында да осындай паналау орны бар. Оған қосымша, ведомство есебінен облыс орталығында тағы бір паналау орнын құру үшін ЖСҚ жасалды. Біздің облыстың 8 ауданында осындай паналау орындары жұмыс істейді, — деді Ғ. Нұрмұхамбетов.