СҚО-да өз анасын ұрып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды  - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 СҚО-да өз анасын ұрып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды 

 СҚО-да өз анасын ұрып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды 

Солтүстік Қазақстанда өз анасын ұрып өлтірген ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 2 Желтоқсан 2024
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Істі СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. 

Әжесін өлтірген әкесін кешіре алмаған айыпталушының жалғыз қызы үкімді тыңдауға келмеді. Сот отырысына қатысқан куәгерлердің мәліметінше, Юрий Бондарь соңғы кездері ішімдікке салынып, анасын жиі ұрып-соққан. 

Прокурор анасын ұрып өлтірген Юрий Бондарьды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда айыпталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінді. Дегенмен сот 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

«Юрий Бондарь жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Үкім шығарарда сот оның бұрын сотталмағандығын ескерген. Сондай-ақ ол түрмеде алкологизмнен мәжбүрлі түрде емделетін болады», — деді үкімді түсіндірген судья Айдарбек Беккужинов.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Перейти к новостям спорта