СҚО-да стадионда сатылған донерден бірнеше адам уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да стадионда сатылған донерден бірнеше адам уланды

СҚО-да стадионда сатылған донерден бірнеше адам уланды

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық стадионда сатылған донерден төрт адам уланып қалды.

  • 10 Тамыз
  • 9
Фото: massaget.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Мағжан Жұмабаев аудандық орталығында өтіп жатқан «Жастар-2025» облыстық спартакиадасы кезінде болған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты тексеру басталды.

«Мағжан Жұмабаев ауданында тамақтан төрт адам уланған. Зардап шеккендердің үшеуі — бала, біреуі — ересек адам. Алдын ала деректер бойынша, олардың барлығы 8 тамызда Булаев қаласындағы стадион аумағындағы сауда нүктесінде донер жеген. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы улану дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

СЭС өкілдері эпидемиологиялық тексеру үшін қажет сынамалар алынғанын атап өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы уланғандар Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.

«Барлық науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, жағдайы жақсарып келеді», — деді басқармада.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда қыз ұзату тойында жаппай улану оқиғасы болған еді. Ресторан иесі санитариялық талаптарды бұзған, сондай-ақ мекеме рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.

Перейти к новостям спорта