Скрининг нәтижелері: елімізде 120 мың адам қант диабетіне шалдыққан - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Скрининг нәтижелері: елімізде 120 мың адам қант диабетіне шалдыққан

Скрининг нәтижелері: елімізде 120 мың адам қант диабетіне шалдыққан

Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды

  • 20 Желтоқсан 2024
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.

Скринингтердің барысында мыналар анықталды:

* Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы — егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.
* 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.
* Глаукоманың 5 мың жағдайы — емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.
Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.

Скринингтік жүйеде не өзгерді?

Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.

— қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;
— бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;
— жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.
— жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.
Бұл тәсілдер:
— асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;
— скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.

15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.

Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде:

ü артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет)
ü жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет)
ü қант диабеті (2 жылда 1 рет)
ü глаукома (2 жылда 1 рет)
ü жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет)
ü сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет)
ü колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет)
ü вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).

Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.