«Мен тек әртіс қана емес, біреудің әйелімін, анамын. Отбасым үшін сахнаға шығудан да бас тартқан кездер болды. Енді міне, Ресейге де көшпекпін» деген скрипкашының Мәскеуге қоныс аударуына жұбайы себепкер болған еді, деп жазады baistars.kz сайты.
Енді міне екі жыл үзілістен кейін Лана шығармашылықты тастай алмайтынын түсініп, сахнаға қайта оралды. Бұл туралы ол қазақстандық «Гәкку» арнасына берген сұхбатында «Мен өнерден бұрын әйел бақыты маңыздырақ деп ойлаған едім. Алайда жұбайым қолдау көрсетіп отырғандықтан, шығармашылығыма қайта оралуды дұрыс деп таптым. Қазір «Акварель» деп аталатын әніме бейнебаян түсіріп жатырмыз. Жақын арада жаңа туындыны көрермендеріме ұсынатын боламыз» -деді скрипкашы сұхбат барысында. Сонымен қатар, енді ол алдын ала жоспар құрмайтынын айтты.