Хатты табыс ету рәсімінде елші өз мемлекет басшысының атынан «Қазақстан президентіне жүрекжарды сәлемін» жеткізді.
О.Әбдікәрімовпен болған ұзақ әңгімеден кейін А. Бенедейчич «сұхбатқа арқау боларлық тақырып көп болды», деп мәлімдеді. «Словения мен Қазақстан — көне халықтардың өскін мемлекеттері», деді елші. «Біз Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін дүниеге келген әлемдік құндылықтарды да ескерген жөн деп санаймыз»,- дейді елші.
«Словения алдағы уақытта Еуропалық Одаққа төрағалық жасағалы отырғаны белгілі. Бұл Қазақстан мен жаңа Еуропаның арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қомақты үлес болатыны сөзсіз»,- деген сенім білдірді елші. А.Бенедейчичтің хабарлауынша,» оның дипломатиялық миссиясының басты бағыттарының бірі — өзара адами байланыстарды нығайту болмақ». «Ең бастысы — адамдар»,- деді ол.
А.Бенедейчич Словенияның Ресей Федерациясындағы және оған қоса Қазақстандағы, Түрікменстандағы, Беларусь пен Қырғызстан Республикасындағы елшісі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті