Словения мен Қазақстан екі жақты байланыстарды пәрмендендірмек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Словения мен Қазақстан екі жақты байланыстарды пәрмендендірмек ниетте

Словения мен Қазақстан екі жақты байланыстарды пәрмендендірмек ниетте

Бүгінде "Словения мен Қазақстан арасындағы екі жақты байланыстарды пәрмендендіретін мерзім жетті". Бүгін, 9-қазанда Астанада ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуден кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Словения сыртқы істер министрі Димитрий Рупел осындай пікір білдірді.

  • 9 Қазан 2003
  • 554
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, құрылыс, фармацевтика және телекоммуникация саласында екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Қазақстан мен Словения арасындағы достық байланыстарды нығайтып дамыту үшін екі елдің өзара құқықтық-нормативтік базасын нығайту керек,- дейді Д.Рупел.

ҚР СІМ-нің мәліметіне сәйкес, 2002-жылы Қазақстан мен Словения арасындағы тауар айналымы 11,4 млн. долларды, 2003-жылдың алғашқы жартысында 9 млн. долларды құрады, ал экспорт — 1 млн., импорт- 8 млн. долларға жетті.
Словения елімізден қара және түсті металл, тыңайтқыштар мен астық сатып алуға мүдделі. Ал Қазақстанға бұл мемлекет электр құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер әкеле алады. Қазір Қазақстанда словениялық үш компанияның , атап айтсақ, «Лек», «КРКА» және «Иксрател» компанияларының өкілдігі ашылған. Алдағы уақытта дәрі-дәрмек өндіретін бірлескен кәсіпорын құру көзделіп отыр. Алматыдағы зауыт құрылысы ҚР индустрия және сауда министрлігінен қорытынды алынғаннан кейін салына бастайды. Дәрі-дәрмек зауытын салу үшін 20-25 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту көзделген, бұл қаржыны Қазақстан мен Словенияның «КРКА» компаниясы тең үлеспен шығарады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 500 млн. таблетка өндіруге есептелген.

Соңғы жаңалықтар