СНПС "Ақтөбемұнайгаз" облыстағы дарынды жастарға арнап 600 мың доллар бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СНПС "Ақтөбемұнайгаз" облыстағы дарынды жастарға арнап 600 мың доллар бөлді

СНПС "Ақтөбемұнайгаз" облыстағы дарынды жастарға арнап 600 мың доллар бөлді

СНПС "Ақтөбемұнайгаз" компаниясы облыстағы жалпы білім беру ошақтарын жабдықтау және кедей отбасылардың балаларын екі жыл бойы жоғары оқу орындарында оқытуға арнап 600 мың доллар бөлу туралы Ақтөбе облыстық жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бұл қаржының біраз бөлігі Байғанин ауданының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатына жұмсалады деп күтілуде.

Осындағы мұнай компаниялары Ақтөбе облысы әкімшілігімен бірнеше жылдан бері белсенді қарым-қатынасты жолға қойған. Атап айтсақ, 2003-жылдың наурыз айында облыс әкімшілігі мен «Алитес Петролеум Интернешнл Б.В.» және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС сынды инвесторлар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл құжаттарға сәйкес Ақтөбе облысы агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға арнап 148,3 млн., Мұғалжар ауданының Кеңқияқ ауылындағы әлеуметтік саланы оңалтуға 73,8 млн. теңге алды.

Соңғы жаңалықтар