Собчак: Қазақстан маңында "Екінші Чернобыль" оқиғасы болып жатыр (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Собчак: Қазақстан маңында "Екінші Чернобыль" оқиғасы болып жатыр (видео)

Собчак: Қазақстан маңында "Екінші Чернобыль" оқиғасы болып жатыр (видео)

Собчак "Россия 1" телеарнасындағы "Владимир Соловьевпен бірге" бағдарламасына қонақ болып, неліктен президент болғысы келетінін айтты.

  • 26 Қараша 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ресейлік БАҚ рутений апаты туралы жақ ашпайды.

"Біз батыстық басылымдардан радиоактивті заттардың таралып жатқаны туралы апап болған соң екі айдан соң білдік. Бұл екінші Чернобыль оқиғасымен парапар", — деп мәлімдеді Собчак.

Еске салсақ, МАГАТЭ деректері бойынша қыркүйектің соңы мен октябрьдің басында бірқатар еуропалық елдерінің атмосферасында рутений-106 анықталған болатын.

Радиациялық қорғаныс жөніндегі неміс ведомствосы бұл зат Оңтүстік Орал, яғни Ресей немесе Қазақстан аумағынан тарылып жатыр деген шешім шығарған.

Бұдан кейін, Росгидрометр радиациялық апат туралы бюллетень таратып, қауіпті заттың атмосфераға таралу дерегін растаған еді.


Ресейдегі "Гринпис" ұйымы Еуропа атмосферасында байқалған рутений концентрациясының мөлшері аз болғанымен, ондаған миллион адамға әсері ететінін мәлімдеген. Соның салдарынан олардың денсаулығында міндетті түрде проблемалар туындауы мүмкін.

«Апат маңындағы адамдар сәулеленуі мүмкін. IRSN француз институтының болжамы бойынша, ауаға тараған заттың мөлшері 100-ден 300 терабеккерельге тең болуы мүмкін. IRSN бағалауы бойынша, апат болған жерден бірнеше километр қашықтықта тұратын адамдарды қорғау керек",дейді ұйым.

Соңғы жаңалықтар