Собянин: метроның "Алма-Атинская" станциясын ашу арқылы біз Мәскеу үшін жанын қиған қаһарман-панфиловшыларға тағзым етеміз
![]() |
Дүйсенбіде күндіз мәскеулік метроның жаңа "Алма-Атинская" станциясының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. |
Салтанатты рәсімде театрландырылған қойылым көрсетілді, оған 1940 жылдардағыдай әскери киім кигендер шықты, олар 1941 жылы қыста Мәскеу түбінде фашистердің шабуылдарына соққы берген атақты Панфилов дивизиясының мүшелерін бейнелеп берді.
Салтанатты рәсімге қатысқан Мәскеу мэрі Сергей Собянин "метроның "Алма-Атинская" станциясын ашу арқылы біз Мәскеу үшін жанын қиған қаһарман-панфиловшыларға тағзым етіп отырмыз", деп атап өтті.
Ресейдегі Қазақстан елшісі Ғалым Оразбақов жаңа станцияның атауының мәні өте зор, деп атап өтті.
"Бұл мәскеуліктердің қозғалуына жайлы болатындай тек жаңа станция ғана емес, бұл Қазақстан мен Ресей, қазақтар мен орыстардың арасындағы қатынастардың белгісі", деді ол.
Биыл Ресей мен Қазақстан арасындағы достық, ынтымақтастық және өз ара көмек туралы келісімнің 20 жылдығы атап өтілуде.
Мәскеулік станцияға "Алма-Атинская" атауы Қазақстан Республикасы басшылығының өтініші бойынша берілген.
Станцияны және оның вестибюльдерін әрлеуге гранит пен мәрмәр пайдаланылған.
Вестюбильдердің жолдарының біріне қазақтың ұлттық оюлары салынған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін