Сочи Олимпиадасы ойындарына билеттер сату басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи Олимпиадасы ойындарына билеттер сату басталды

Сочи Олимпиадасы ойындарына билеттер сату басталды

2014 жылы Сочиде өтетін Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы мен жабылуы салтанаттарына билет сатыла бастады.

  • 8 Ақпан 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Олимпиада ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Билеттерді сату Ойындардың басталуына тура 1 жыл қалғанда басталды, оның ашылуы 2014 жылғы 7 ақпанда өтеді.

Ресей азаматтары мен РФ аумағында тұратын шетел азаматтары билетті Сочи-2014 ресми сайты арқылы сатып ала алады. Ресейде тұрмайтын шетелдіктер билеттерді өздерінің елдерінің ұлттық олимпиада комитеттері арқылы, сондай-ақ ресми билет агенттерінен ала алады.

7 ақпаннан 31 мамырға дейін сатылатын билеттерде орын көрсетілмейді (сатып алушы баға санатын ғана таңдайды). 2013 жылғы маусымнан бастап бұрын сатып алынған билеттердің бәріне орындар белгіленеді. Ал маусым айынан кейін билеттерді нақты орынға алуға болады. Бір тапсырыспен 50-ден аспайтын билет алуға болады. Бірқатар шараларға (хоккей, мәнерлеп сырғанау және ашылу салтанаты) бір қолға төрттен артық билет берілмейді. Басқа жарыстарға сегізден артық билет сатылмайды.

Билеттердің ең төменгі бағасы — таулы кластерде 500 рубль және жағалаулық кластерде — 1000 рубль. Ең жоғары баға — 50 мың рубль. Ойындардың ашылуы мен жабылуы салтанаттары билеттерінің бағасы 4500 рубльден басталады. Жарысқа кіру үшін билеттен басқа жанкүйердің төлқұжаты болуы тиіс.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера