Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы Италиядағы әлем чемпионатында қазақстандық дуэт қола жүлдеге ие болған. Бүгін бұл сынға 23 команда қатысады.
Шаңғы жарысындағы командалық спринтте екі спортшы 1,5 шақырымды бағындырып болған соң бір-бірімен ауысып отырады. Осылайша әрбірі шаңғымен 1,5 км жолды 3 мәрте бағындырады. Жарыс жартылай финалдық кезеңнен басталады. Жарыс жолына 10-15 командадан шығады. Әрбірінен бірінші болып келген 5 команда ақтық сынға жолдама алады. Атлеттер эстафетаны өзгелерге кедергі келтірмеу үшін арнайы белгіленген аумақта тапсырады. Командалардың орналасу схемасы масс-старттағыға ұқсайды. Командалық спринт — көшбасшылар жиі ауысатын қызықты жарыстардың бірі. 6 кезеңнен кейін мәре сызығын бірінші кескен команда жеңімпаз атанады.
Жарыс «Лаура» кешенінде Астана уақытымен сағат 16.15-те басталады.