Әлем кубогының соңғы кезеңі желтоқсанның 6-сы мен 8-і аралығында Германия астанасы Берлинде өтеді. Қазақстан құрамасына Сочи Олимпиадасының қанша лицензиясы бұйыратыны сол кезде белгілі болады. Дегенмен ұлттық құрамамыздың бас бапкері Вадим Саютин ұлттық құрамаға қай спортшылардың ілігетінін желтоқсан айының соңында немесе қаңтар айының басында жариялауға уәде берді, деп хабарлады alasharena.kz.