Сочи қаласында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочи қаласында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтуде

Сочи қаласында өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің отырысы өтуде

Сочи қаласында өтіп жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ТМД елдері мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысында біртұтас талап жүйесін құру мәселелеріне баса назар аударылмақ. KZ-today тілшісіне Тәжікстан Республикасы үкіметінің жанындағы өнеркәсіп және тау-кен саласындағы жұмыстардың қауіпсіздігіне бақылау қою жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Георгий Сергеевтің хабарлауынша, Тәжікстан атынан бұл отырысқа аталмыш комитет төрағасы Аюб Әлиев қатысуда.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Мұндай жоспарлы отырыстар бұған дейін үкіметтік деңгейде қабылданған өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі келісімді одан әрі дамыту мақсатымен жыл сайын өткізіледі»,- деді ол. Г.Сергеевтің айтуынша, жиналысқа Түрікменстаннан басқа барлық ТМД елдерінің өкілдері қатысуда. Отырыстың күн тәртібінде 15 түрлі мәселе қаралмақ. Атап айтсақ, ТМД елдерінің кәсіпорындарында қауіпсіздік мәселесі бойынша ұлттық заңдарды өзара үйлестіріп, біртұтас талап жүйесін қалыптастыру мәселелері сарапқа салынады.

«Отырыста талқыланушы мәселелер бойынша ТМД кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын біріздендіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданады деп күтілуде»,- деп атап көрсетті.