"Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр": Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатқанын мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр": Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатқанын мойындады

"Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр": Мұхамеджан Тазабек көзіне ота жасатқанын мойындады

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің бет-жүзінде өзгерістер байқалады. Осыған қатысты ақын оқырманнан келген толассыз сауалдарға жауап берді. 

  • 11 Шiлде 2023
  • 654
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақын көзіне ота жасатқанын мойындады. 

“Біраз оқырманым “Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма?” деп сұрап жатыр. Жоқ көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын”, – дейді Мұхамеджан Тазабек.


Желі қолданушылары айтыскерді бет-жүзіндегі өзгерісті бірден байқады.

“Блефаропластика?”, “Көзін үлкейткен бе?”, “Түріңіз суық болып қалыпты, не істегенсіз?”, “Көзіңіз шынымен біртүрлі көрініп қалыпты”, “Қабақ жасатқансыз ба?”, – деп жарыса жазды желідегілер.