Содырлар Пәкістан армиясының 22 сарбазын ұрлап кетті
Қарулы содырлар тобы Пәкістанның солтүстік батысында 22 әскери қызметшіні ұрлап кетті, деп АФП агенттігі жергілікті әкімшілік өкілі Навид Акбардың сөзіне сілтеме келтірді. |
Оның айтуынша, ауыр пулеметтар мен гранаттатқыштармен қаруланған 200 содыр шабуыл жасаған.
Екі сағатқа созылған атыстан екі сарбаз қайтыс болып, бір сарбаз жараланған, 22 адам ұрланған.
Пәкістан қауіпсіздік күштері ұрланған сарбаздарды іздеуге кірісті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін