Соғыс ардагерлеріне арналған қазақстандық оңалту орталықтарының жағдайы өте нашар - депутат Сәрсенов - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғыс ардагерлеріне арналған қазақстандық оңалту орталықтарының жағдайы өте нашар - депутат Сәрсенов

Соғыс ардагерлеріне арналған қазақстандық оңалту орталықтарының жағдайы өте нашар - депутат Сәрсенов

Қазақстанда соғыс ардагерлеріне және мүгедектеріне арналған қазақстандық оңалту орталықтарының жағдайы өте нашар болып отыр, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Сағитолла Сәрсенов.

  • 24 Қазан 2012
  • 535
Фото - Caravan.kz

«Осы уақытқа дейін республикада Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған бірден-бір арнайы оңалтушы орталық жоқ. Ал ТМД аумағында ондай орталық көп. Тек Ресейдің өзінде клиникалық госпитальдерді қоспағанда ондай 48 орталық бар», деді ол палатаның пленарлы отырысында премьер-министр Серік Ахметовке арналған депутаттық сауалын жария еткен кезде.

Депутаттың хабарлауынша, ол биыл жазда Алматыда Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальде және кәмілеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығында болып қайтқан. Оның пікірінше, бұл мекемелердің жағдайы аса ауыр.
Бұл мекемелердегі персоналдың орташа айлық жалақысы шамамен 30-35 мың теңгені құрайды және оларға ауыр моральды-психологиялық ахуал жағдайында жұмыс істеуге тура келеді, деді ол.
Оңалтушы орталықта бір орынға қазір 1000 адам кезегін күтуде. Адамдар госпитальге жату үшін кезегін екі жыл күтуі ықтимал. Соның өзінде емделу тұрмақ, дұрыс өмір сүруге лайықсыз мекемеге жатады. Ғимаратта лифті жоқ, палаталардың жағдайы нашар, оларды күрделі жөндеуден өткізу керек, деді ол.
«Госпитальде емделу мерзімі 24 күннен 11 күнге дейін қысқартылған. Құжат дайындау, анализ тапсыру, диагноз қоюға керекті уақытты ескерсек және демалыс күндерін назарға алатын болсақ, пациент небары 5-6 күн ғана дұрыс ем алады», деді ол.
Оның деректеріне қарағанда, Астанадағы да республикалық клиникалық госпитальдегі жағдай сондай.
Осы орайда ол парламентте ардагерлер туралы заң жобасына қатысты жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар