"Соғыс енді тіпті ұзаққа созылады": Ресейдің кешегі ісі бойынша Қазақстан үшін қауіпті болжам жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Соғыс енді тіпті ұзаққа созылады": Ресейдің кешегі ісі бойынша Қазақстан үшін қауіпті болжам жасалды

"Соғыс енді тіпті ұзаққа созылады": Ресейдің кешегі ісі бойынша Қазақстан үшін қауіпті болжам жасалды

Саясаттаншуы Асхат Қасенғали Ресей мен Украина арасындағы соғыс енді тіпті ұзаққа созылады деп болжады. Ресей “арнайы операция” емес, енді соғысты соғыс деп атай бастауы ықтимал, деді саясаттанушы.

  • 21 Қыркүйек 2022
  • 477
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Донецк, Луганск және Херсондағы басқыншылар референдум жасап, Ресейге қосыламыз деді.

Псевдореферендум арқылы олар Ресейге қосылып, артынша Ресей “аумағы” саналып, жалпыресейлік мобилизация жариялау мүмкіндігі туады. Ресей “арнайы операция” емес, енді соғысты соғыс деп атай бастауы ықтимал. Бұл Ресейге млндаған адамды соғысқа тартуға мүмкіндік береді.

Ресей МемДумасы “әскери жағдай”,”мобилизация” деген терминді енгізуді ұсынды. Бірден ұсыныс қабылданды.

Енді не болмақ?

Бүгін Путин халқына үндеу жариялауы мүмкін деген ақпарат бар. Бұл сол псевдореферендумдармен байланысты болса керек. Өйткені әлгі жалған референдумдар 23-27 қыркүйек арасында өтпек.

Украина әскері қарсы шабуылға осы аралықта шығуы мүмкін. Ал Ресей осы сәтте зымыран және әуе шабуылын арттырады. Мобилизация жариялаудың амалын тапса болды, алғы шепке жүз мыңдаған адамды жібереді. Мәскеуге он әскері өлді ма, он мың әскері өлді ма айырмашылық жоқ. Жуковтың сөзін еске түсіріңіз. Санмен нәтиже шығаруға тырысады. Екінші дүниежүзілік соғыстың әдісі ғой. Адам ресурсы жағынан Украина Ресейге қарсы тұра алмайды. Олқылықтың орнын шағын, кәсіби топпен және батыстық қарумен толтыруға тырысатын болар. Соғыс енді тіпті ұзаққа созылады", -деді саясаттанушы А
схат Қасенғаи.

Сондай-ақ желідегі көпшілік, енді Қазақстанға қарай үлкен көш басталатынын болжауда. Себебі, жаппай мобилизациядан қашқан орыстар біздің елді жағалауы бек мүмкін екен.