«Соғысқа бурят, тува сияқты ұлттарды жіберу керек. Олардың өлімі аянышты емес». Украинада өлген орыстарға қатысты жазба ашуға тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Соғысқа бурят, тува сияқты ұлттарды жіберу керек. Олардың өлімі аянышты емес». Украинада өлген орыстарға қатысты жазба ашуға тиді

«Соғысқа бурят, тува сияқты ұлттарды жіберу керек. Олардың өлімі аянышты емес». Украинада өлген орыстарға қатысты жазба ашуға тиді

Әлеуметтік желіде Украинада мерт болған орыс сарбазына қатысты жазба елдің ашу-ызасын туғызды.

  • 10 Маусым 2022
  • 1068
Фото - Caravan.kz

Себебі, орыс жігітінің өліміне қайғырған Алефтина Соколова есімді желі қолданушы ойын былай деп жеткізіпті, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Өте өкінішті. Екі баланың әкесі мерт болды! Орыс. Соғысқа буряттар мен тувалар сияқты алыста жатқан ұлттарды жіберу керек деп есептеймін. Олардың өлімі онша аянышты емес», деп жазыпты.

Ресейдің Украина жеріне басып кіргеніне 107 күн болды. 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасап, Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін хабарлады.

Желідегі кейбір деректер бойынша алдыңғы шепке көбіне Ресейдегі аз ұлттардың өкілдері жіберілген. Бұған қоса аталған қарулы қақтығыста
100 ден аса ресейлік қазақтардың мерт болғаны айтылуда.

Соңғы жаңалықтар