«Соғыста нан таратқандай»: Жаңаөзенде тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Соғыста нан таратқандай»: Жаңаөзенде тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)

«Соғыста нан таратқандай»: Жаңаөзенде тегін балмұздақ үшін адамдар бір-бірін таптап кете жаздады (видео)

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы аттракциондер паркінде Отбасы күнінің құрметіне келушілерге тегін балмұздақ таратқан. Алайда біраз уақыттан кейін адамдар ұрысып, бір-бірін таптап кете жаздады.

  • 17 Мамыр 2019
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «ИнАктау» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тегін балмұздақ үшін кезекте тұрған адамдар бір-бірін балағаттап, итеріп, алға қарай өтіп кетпек болды. Желіде куәгерлер түсіріп алған видео тарады. 

«Кезекте қысылысып тұрған адамдар құлап, есінен танып жатты. Балмұздақты тек 20-30 адам ғана алды. Қалғандары алған жоқ. Соғыстағы аштық кезінде нан таратқандай болды. Ешкім аяғының астына қарамады, балалар қысылып қалды. Сұмдық», — дейді куәгерлердің бірі. 


 

Соңғы жаңалықтар