Бұл туарлы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Редактордың қолындағы плакатта "Соғысты тоқтатыңдар, үгіт-насихатқа сенбеңдер, мұнда сендерді алдап жүр" деген жазу бар. Ал видеоүндеуінде «Украинадағы жағдай — қылмыс. Ресей — агрессор. Бұған бір адам жауапты. Ол — Путин» деген екен.
Кейбір мәліметтерге қарағанда редактор қазір полиция бөлімшесінде тергеліп жатқан көрінеді.
Көпшілік ресейлік тілшілердің Украинаны лаңкестерден, ұлтшылдардан тазартып жатырмыз деген жалған насихаттан ел шаршады деген сияқты пікірлер қалдырды.