Согринская жылу электр орталығындағы апат салдарынан 60 үй жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Согринская жылу электр орталығындағы апат салдарынан 60 үй жылусыз қалды

Согринская жылу электр орталығындағы апат салдарынан 60 үй жылусыз қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы "AES Согринская Жылу электр орталығы" ЖШСеріктестігінде көмір тозаңының жарылысы салдарынан өрт шығып, цех жартылай бүлінді. Соның салдарынан титан-магний комбинаты мен 60 үй жылусыз қалды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Ақпан 2005
  • 429
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, 20-ақпанда түнде тұрбалы қазандық цехында көмір тозаңы жарылып, артынан тұтана бастады. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің жеке құрамының 48 адамы мен 16 техникасы өрт сөндіру жұмысына тартылды. Апат салдарынан цехтың ғимараты мен жабдықтары, шатыры бүлініп, мазутты насос орнатылған жайдың электр кабелі үзілді.

21-ақпандағы жағдаймен бір қазандық іске қосылып, екіншісі іске қосуға әзірленуде. Электр қамтамасыздығы реттеліп, ленталы транспортер жөнделіп, қалдықтар тазартылды. Апаттың зардабын жоюға 408 адам қатысты.

Перейти к новостям спорта