Соғыстан кейін жүре алмай қалған этникалық қазақ: "Мен қазақ болсам да, біз орыстар жеңіске жетеміз" - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соғыстан кейін жүре алмай қалған этникалық қазақ: "Мен қазақ болсам да, біз орыстар жеңіске жетеміз"

Соғыстан кейін жүре алмай қалған этникалық қазақ: "Мен қазақ болсам да, біз орыстар жеңіске жетеміз"

Украинадағы соғыста Ресей үшін соғысқан ресейлік этникалық қазақ Марат Паздников Украинадағы күндерін еске алды.

  • 19 Ақпан
  • 11156
Ника Tv арнасынан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Балалардың көз жасын көріп қарап отыра алмадым»

2023 жылы шекарадағы балабақшаны күзеткен Марат Паздников зымыранды атып түсіргенін көріп, балалардың жылағандарын көріп қарап отыра алмайтынын, Украинаға соғысқа аттануға шешім қабылдаған.

«Балалардың жылағанын көріп, не істерімді білмей қалдым. Қазірдің өзінде үстім тітіркеніп кетті. Біздің жігіттер анау жақта күресіп жатқанда қарап отыра алмайтынымды түсіндім. Ұятым оянды десем де болады», — деп ағынан жарылды этникалық қазақ.

Адалдығы мен батылдығы үшін бірден үш марапат

Адалдығы мен батылдығы үшін этникалық қазақ Марат Паздников Ресейдің үкіметінен бірден үш марапатқа ие болды.

«Добрый» деген лақап атпен танымал жауынгер соғыста бірнеше ай болғанымен, үш марапатқа ие болған. Әкесі оны бала кезінен қару қолдануға, төбелесуге үйреткен. Кейін Марат Юрийұлы күзет бизнесінде жұмыс істеп, арнайы дайындықтан өткен. Осы білімдері мен дағдылары соғыс кезінде көмектескен. Қазір жауынгер Калугада медициналық оңалтудан өтуде.

«Мен қазақ болсам да, біз орыстар жеңіске жетеміз»

Марат Паздников соғыс кезінде жарақат алып, қазіргі таңда жүре алмай қалған. Дегенмен ол ресейліктердің Украинамен соғыста жеңіске жететініне сенімді.

«Мен қазақ болсам да, біз орыстар жеңіске жетеміз. Біздің жеңіске жететініміз. Жеңістің ауылы алыс емес. Иә қиын, иә ауыр. Бірақ міндетті түрде жеңіске жетеміз. Ұлтшылдық жалғаспау керек, ол міндетті түрде тоқтау керек», — деді Ресейдік этникалық қазағы.

Перейти к новостям спорта