Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түнгі 00 сағат 12 минутта Қостанай облысы Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің бір шахтасындағы қазба орнын кенеттен су алып кетті. Апат кезінде шахтада 171 кенші болған. Олардың 169-ы жер бетіне шығарылды.
Жабдықтарды жөндеумен шұғылданатын 42 жастағы электрослесарь қаза тапты. Тағы бір жұмысшы әзірге табылмай отыр. Қазір ол іздестіріліп жатыр.
Кәсіпорында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті