Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан екінші адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің  шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан екінші адамның мәйіті табылды

Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан екінші адамның мәйіті табылды

Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің бір шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан 55 жастағы жұмысшының мәйіті бүгін түнгі сағат 3-те табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қазан 2005
  • 561
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 3-қазан күні түнгі 00 сағат 12 минутта Қостанай облысы Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің бір шахтасындағы 260-330 метр тереңдіктегі қазба орнын кенеттен су алып кетті. Апат кезінде шахтада 171 кенші болған. Олардың 169-ы жер бетіне шығарылды. Жабдықтарды жөндеумен шұғылданатын 42 жастағы электрослесарь қаза тапты. Тағы бір жұмысшы табылмады. Іздестіру шаралары екі тәулікке созылды. Оған ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің «ВАСС «КЕН» РМКК-ның құтқарушылары мен кеншілер жұмылдырылды.
Кәсіпорында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта