"Сол баяғы қу жоқшылық": Дариға Бадықова айықпас дертке шалдыққан туған інісі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 502.27
  • 597.15
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сол баяғы қу жоқшылық": Дариға Бадықова айықпас дертке шалдыққан туған інісі туралы

"Сол баяғы қу жоқшылық": Дариға Бадықова айықпас дертке шалдыққан туған інісі туралы

Танымал актриса Дариға Бадықова інісінің айықпас дертке шалдыққан айтып, оның емін толық өз мойнына алғанын айтты.

  • 26 Тамыз 2025
  • 146
Instagram/Жанар Байсеміз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Інімнің диагнозы Бехтерова деп аталады, сүйегі сынғыш болып келеді. Белок құйып отырады сүйекке, ай сайын ауруханада жатып отырады. Аурудың асқынғаны сол баяғы кездегі қу жоқшылықтан ғой.

10 жасында пайда болды, дер кезінде емдемеген. 10 жасында аттан құлаған, тізеден басталған, қазір бел омыртқада тұр.

Сына бермейді, сүйек қисаяды, ондай адамдарға сүйекті сындыруға болмайды. Бір жерлерде жүргенде байқап жүрсе екен деп уайымдаймын», — деп жазды актриса.