Солдат сай қазақстандық шаңғымен бағдарлаушылар үшін чемпиондар ұстаханасына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солдат сай қазақстандық шаңғымен бағдарлаушылар үшін чемпиондар ұстаханасына айналды

Солдат сай қазақстандық шаңғымен бағдарлаушылар үшін чемпиондар ұстаханасына айналды

Алматы облысы Талғар ауданы Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадиондарының кешені қазақстандық шаңғымен бағдарлаушылар үшін сәттілік мекеніне айналды. Олар 2 күннің ішінде құрама қоржынына 4 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлде салды.

  • 3 Ақпан 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

Бүгін онда ұзақ қашықтықта ерлер мен әйелдер арасында тағы 2 медальдар топтамасы сарапқа салынбақ. Бұған дейін 31 қаңтар мен 2 ақпан күндері спринттік және орта қашықтағы жарыстарда 4 медальдар топтамасы бәйгеге тігілген еді. Бұл сайыстарда астаналық Михаил Сорокин мен Ольга Новикова қос-қостан алтын жүлде олжалады. Шығыс қазақстандық Евгения Кузмина 1 күміс, 1 қола медальдің иегері болды. Ал оның жерлестері Александр Бабенко мен Виталий Лиличенко Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жалпы, 31 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өтетін шаңғымен бағдарлау жарысы қысқы Азия ойындарының бағдарламасына биыл алғаш рет енгізіліп отыр. Онда 8 медальдар топтамасын 6 мемлекеттің спортшылары өзара додаға салуда. ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Исаченко бұл бәсекеге ерлер мен әйелдер арасында алты-алтыдан 12 шабандозды қосып отыр.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера