Солтүстік Атлантикалық альянс 2008-жылға дейін қашықтан оқыту жүйесін дамыту үшін KAZRENA-ға көрсететін қолдауды одан әрі жалғастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Атлантикалық альянс 2008-жылға дейін қашықтан оқыту жүйесін дамыту үшін KAZRENA-ға көрсететін қолдауды одан әрі жалғастырады

Солтүстік Атлантикалық альянс 2008-жылға дейін қашықтан оқыту жүйесін дамыту үшін KAZRENA-ға көрсететін қолдауды одан әрі жалғастырады

Солтүстік Атлантикалық альянстың ғылыми комитеті Қазақстанның ғылыми және білім беру бағытындағы компьютерлік желісі тұтынушыларының қауымдастығы - KAZRENA-ға қашықтан оқыту жүйесін дамыту үшін көрсететін техникалық қолдауды 2008-жылға дейін жалғастыруға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Атлантикалық альянстың ақпараттық және коммуникациялық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің төрағасы Хенк ван Линде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қазан 2005
  • 520
Фото - Caravan.kz

Х.Линденің айтуынша, Солтүстік Атлантикалық альянстың ғылыми комитеті KAZRENA-ның желілік операциялық орталығына 2003-жылдан бері техникалық көмек көрсетіп келеді. Осы мерзімде 1,5 млн. евроның үш гранты бөлінді.

«Солтүстік Атлантикалық альянс Қазақстандағы білім беру саласының даму жағдайын жіті қадағалап отыр. Ұйым осы өңірде қашықтан білім беру жүйесін дамытуға айрықша маңыз береді және ғылыми арнаулы бағдарлама аясында Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстанға бірқатар мүмкіндіктер тудырды»,- деді Х.Линде. «Интернетті тұтынушылар санын арттыру және елдің ірі қалаларындағы ғылыми және білім беруші мекемелерді қазіргі бар магистральдық байланыс желілері арқылы жүйеге қосу үшін KAZRENA-ға көрсететін қолдауды одан әрі жалғастырады»,- деді ол.
Гамбург техникалық университетінің Орталық Еуропа және ТМД жөніндегі үйлестіру орталығының директоры, профессор Ханно Шамбургтың пікірінше, Еуропа мен Орталық Азия елдері арасындағы қашықтан білім беру орыс тілінде жүзеге асырылуға тиіс. «Өйткені, ағылшын тілін жеттік меңгерген студенттер мен профессорлар өте тапшы, ал техника саласында ондайлар тіптен аз»,- дейді ол.
KAZRENA-ның бас директоры Борис Жапаровтың пікірінше, Қазақстанда қашықтан білім беруді дамыту үшін бірнеше проблеманы шешу қажет. Оның айтуынша, «біріншіден, қашықтан білім беруді қолданысқа енгізудің заңнамалық мәселелерін шешу керек. Бұл білім мазмұны мен педагогикалық әдістемелерді жалпы қайтадан қарауды талап етеді».
«Қазір біз қашықтан білім берудің түрлері мен технологияларын қарастырып жатырмыз. ҚР білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2005-жылы электрондық оқулықтар құрастыруды реттейтін электрондық басылымдар мен нақты электрондық ақпарат көздерінің стандарттарының жобасы жасалып , қолданысқа енгізілді. 2007-жылы парламентке жаңа білім беру заңы ұсынылады»,- деді Б.Жапаров.
KAZRENA Орталық Азия мен Закавказье елдері өкілдерімен бірге ғылыми және білім беру бағытындағы компьютерлік желілердің халықаралық жүйесіне енеді және Солтүстік Атлантикалық альянстың ғылыми комитетінің «Желідегі Жібек Жолы» жобасына қатысады.
Директордың айтуынша, «Қазақстанда сынақ жүзінде 12 университет жұмыс істеуде. Атап айтсақ, Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен және Шымкентте қашықтан білім беру бағдарламалары қолданысқа енгізілуде».

Перейти к новостям спорта