«Біз екі жаққа бірдей тиімді жақын қарым-қатынас орнаттық»,- деді Солтүстік Атлантикалық Альянстың аймақтық өкілі. Сонымен бірге ол «әскери саладағы жоспарлау, әскери бюджетті жобалау, офицер мамандардың біліктілігін арттыру» салалары бойынша Қазақстанға көмек көрсетуге әзірлік танытты.
«Бұл жерде әңгіме құпия ақпарттарды ашу туралы болып отырған жоқ. Біз тек тиімді көмек көрсетуге болатын салаларды анықтауға талпынудамыз»,- деді Р.Симмонс.
Оның пікірінше, аталмыш мәселелер бойынша Қазақстан парламентіне көрсетілген көмек «парламент пен қоғам үшін әскери бюджетті мейлінше ашықтық сипатқа көшіруге мүмкіндік берер еді». Сонымен бірге Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысы өкілінің пікірінше, «қолданыстан шыққан қаруды пайдалы жаратуға бағытталған траст қорын құру туралы бастама қызығушылық тудыруда».
Алайда, Р.Симмонстың айтуынша, «траст қорын табысты құру үшін Солтүстік Атлантикалық Альянстың атынан аталмыш іс-шараны іске асыратын Халықаралық агенттікпен арадағы келісімді бекіту керек». «Біз әскери қызметкерлерді қысқарту шарасы аясында запасқа шыққан офицерлерді қайтадан оқытып дайындау сынды басқа бағыттарда да жұмыс істеуге дайынбыз»,- деді ол.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті