Солтүстік Атлантикалық Альянс Ауғанстанда тұрақтылық орнатуда Қазақстан атқарған рольді жоғары бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Атлантикалық Альянс Ауғанстанда тұрақтылық орнатуда Қазақстан атқарған  рольді жоғары бағалайды

Солтүстік Атлантикалық Альянс Ауғанстанда тұрақтылық орнатуда Қазақстан атқарған рольді жоғары бағалайды

"Біз Ауғанстанда тұрақтылық орнатуға бағытталған күш-жігерді қолдауда Қазақстан атқарған рольді жоғары бағалаймыз". Бүгін, 10-наурызда Астанада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуден кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдері жөніндегі арнаулы өкілі Роберт Симмонс осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Наурыз 2005
  • 327
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Атлантикалық Альянс бас хатшысының арнаулы өкілінің айтуынша, Альянс пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үш бағытта дамитын болады. «Атап айтсақ, олар — «Қазбаттың» әлеуетін арттыру, Қазақстан — Солтүстік Атлантикалық Альянс аясындағы бірлескен іс-шараларды үйлестіру және жоспарлау мәселелері бойынша Қазақстанға қолдау көрсету, сондай-ақ, Қазақстанға төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолұшын беру болып табылады»,- деді ол.

Сапар барысында арнаулы өкіл қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, төтенше жағдай жөніндегі министр Мұхамбет Көпей, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов пен парламент сенаты мен мәжілісінің халықаралық істер жөніндегі комитеттерінің мүшелерімен кездеседі.
Кездесу барысында Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы әріптестік іс-шараларының бағдарламасын жүзеге асыру жолдары талқыланбақшы. Бұл бағдарлама аясында 2005-жылы Солтүстік Атлантикалық Альянстың процедуралары мен стандарттарын зерттеу, тіл дайындығы, байланыс және ақпараттық жүйелерді оқып-үйрену, бітімгерлік шараларға қатысу тәжірибесін алмасу сынды 140-тай бірлескен шараларды ұйымдастыру көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта