Оның айтуынша, арнаулы өкіл Тбилисиде жұмыс істеп, аймақ елдеріне арагідік сапар жасап тұратын болады.
П. Ардоуин Солтүстік Атлантикалық Альянс «ұйымға ең таяу орналасқан аймақ» — Оңтүстік Кавказда тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнығуынан айрықша мүдделі екенін атап өтті.
Бұған қоса Солтүстік Атлантикалық Альянс Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстіктің стратегиялық коммуникацияларының дәл қиылысында орналасқан Оңтүстік Кавказ аймағындағы көлік дәліздерінің қауіпсіз жұмыс істеуінен мүдделі. П. Ардоуиннің айтуына қарағанда, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының қауіпсіздігі туралы мәселені Әзербайжан жағы 2-3-ақпанда Бакуде өткен екі күндік семинар барысында талқылады.
Семинарда сонымен бірге өзара еркін сауда-саттықты дамыту және макроэкономикалық тұрақтылық мәселелері талқыланды. «Бұл саладағы кейбір ілгерілеушіліктерге қарамастан, шешімін таппаған мәселелер де баршылық»,- деді Альянс бас хатшысының орынбасары.
Аймақтағы шиеленістерді реттеу туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін Солтүстік Атлантикалық Альянстың аймақтағы бітімгершілік операцияларға қатысу мүмкіндігі жайында сөз қозғаған П.Ардоуин: «егер тараптардан шақыру болған жағдайда немесе бұл туралы халықаралық қоғамдастық тарапынан өтініш келіп түскен жағдайда гипотез тұрғысынан мұндай мүмкіндік бар»,- деді .