«Сапар барысында екі ел тарапынан да жаңа ұсыныстар айтылды, енді біз осы ұсыныстарды аталмыш бағдарламаға «қамтуға» тырысамыз»,- деді Р. Симмонс.
«Солтүстік Атлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы серіктестік іс-шараларының жеке жоспары қабылданғаннан бері, міне, бір жыл өтті, сондықтан да наурыз айында оның орындалу барысын бағаламақпыз»,- деді Солтүстік Атлантикалық альянстың арнайы өкілі.
Солтүстік Атлантикалық альянс өкілі, өзінің осы сапары Қазақстан үкіметіндегі басты министрліктердегі жаңа тағайындауларға негізделгендігін атап өтті. «Сіздің президент жуықта Солтүстік Атлантикалық альянспен жақсы ынтымақтастық жасап отырған ведомстволарға жаңа министрлерді тағайындады. Мен республикаға сол тұлғалармен жекелей танысуға және де біздің серіктестігімізді одан әрі нығайтуға келдім»,- деді Р. Симмонс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті