«Біз сіздердің заманауи қауіп-қатерлерге жақсы қарымта қайтара алу үшін Қарулы күштерді реформалауға және жаңа әскери доктрина жасауға көмек көрсеткіміз келеді», — деді Р. Симмонс. Ол, Қазақстан Республикасының қарулы күштері реформасына қазіргі уақытта көмек көрсетіліп жатқандығын, оның «мобильдік күштердің, әсіресе жуықта «Қазбриг» болып қайта құрылған «Қазбаттың» альянс стандарттарына сай болуына және дамытуға» бағытталғандығын атап өтті.
Сондай-ақ, Р. Симмонс «Алматыда құрылған бүкіл Орталық Азия аймағының әскерилеріне арналған тіл институтының жақын арада «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының толық құрамды бөлігіне айналатынына» сенім білдірді. «Біз, сондай-ақ, Қазақстанмен ғылым саласы мен апат зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастығымызды кеңейткіміз келеді», — деді Солтүстік Атлантикалық альянстың арнайы өкілі.
«Мен жуықта сіздердің жаңа министрлермен талқылаған ынтымақтастық үлгілері Солтүстік Атлантикалық альянстың Қазақстанның игілігіне жұмыс істеп отырғандығының және де бұл процесстің өзара тиімділігінің дәлелі болып табылады»,- деді Р. Симмонс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті