Алматыда бас хатшы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен кездеседі. Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдерімен, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен жүздеседі.
Сол күні кешке Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысы Ташкентке ұшып кетеді. Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, Яап де Хооп Схеффер Қазақстанға келмес бұрын Тәжікстанда болды, ал бұдан кейін ол Қырғызстанға ат басын тірейді.
Солтүстік Атлантикалық Альянс — 26 елді мүшелікке біріктірген әскери-саяси ұйым. Сондай-ақ, ұйымның бастамасымен Евроатлантикалық әріптестік Одағы атты ұйым құрылып, оған Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 26 ел мен 20 әріптес-мемлекеттер біріккен.