Солтүстік Бұзашы кенішінде кең көлемді мұнай өндіру жобасы қолға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Бұзашы кенішінде кең көлемді мұнай өндіру жобасы қолға алынды

Солтүстік Бұзашы кенішінде кең көлемді мұнай өндіру жобасы қолға алынды

Қазір Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) мен Канаданың Nelson Resources Ltd компаниясы бірлесе игеріп жатқан Маңғыстау облысындағы Солтүстік Бұзашы кенішінде кең көлемді мұнай өндіру жобасы қолға алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Nelson Resources Ltd компаниясының президенті Балтабек Қуандықов хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2003
  • 747
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін кеніш тәжірибелік тұрғыда пайдаланылып келген болатын.

Б.Қуандықовтың айтуынша, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі Солтүстік Бұзашы кенішін кең көлемді игеру жобасының технологиялық схемасын 2003-жылдың маусым айында мақұлдаған. Бұл жоспарға сәйкес, тәулігіне 40 мың баррель көлеміндегі ең жоғары мұнай өндіру мүмкіндігіне 2017-жылға дейін қол жеткізіледі деп күтілуде.
Алайда, Б.Қуандықовтың хабарлауынша, қытай жағы бұл схеманы өзгертіп, мұнай өндіру жұмысын пәрмендендіру мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл жайында компания Мұнайгаз мәселесі бойынша ғылыми зерттеу-жобалау институтымен келісімге келді.
Ал Қытай Ұлттық мұнай корпорациясының (CNPC) бас менеджері Денг Минминнің KZ-today тілшісіне берген сұхбатында хабарлауынша, кеніштегі ең жоғары мұнай өндіру мүмкіндігіне 2011-жылы қол жеткізілмекші. CNPC тарапынан ұсынылып отырған схема жарты жылдай уақытта дәйектеліп, соңынан энергетика министрлігі комиссиясының қарауына беріледі. CNPC корпорациясының Қытайдағы басшылығы да мұнай өндіруді пәрмендендіру мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттарды жан-жақты қарау арқылы бұл ұсынысты талқылайды.
Денг Минминнің айтуынша, кеніштегі жұмыстарды қарқынды жүргізу жоспарланып отыр. Солтүстік Бұзашы кеніші мұнай қабатын суландыру әдісімен өңделеді. Сондай-ақ, бірнеше жылдан кейін мұнай қабатына жылу және бумен әсер ету, мұнайгаз мәселесі бойынша ғылыми зерттеу-жобалау институтымен бірлесе отырып полимер айдау мүмкіндігіне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.
Д.Минминнің атап көрсетуінше, бұрғылау станогы мен ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізуге арналған станоктарды таңдауға, сондай-ақ, кең көлемде өнім өндіруге қажетті басқа да жабдықтарды сатып алуға өткізілетін тендерлер құжаты дайын болды.
Б.Қуандықовтың хабарлауынша, кенішті кең көлемді игеру жөніндегі мемлекет тарапынан мақұлданған жоспарға сәйкес кенішке 50 млн. доллар көлемінде инвестиция салынады. Қытай ұсынған мұнайды жеделдетіп өндіру схемасы мақұлданса, бұл жобаны жүзеге асыру үшін жалпы алғанда Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) мен Канаданың Nelson Resources Ltd компаниясы 120-130 млн. доллар инвестиция қажет.
Оның айтуынша, 2003-жылы бұл кеніште 300-350 мың тонна мұнай, ал 2004-жылғы ең төменгі жоспар бойынша 550 мың тонна мұнай өндіру межеленген. Қазіргі орташа тәуліктік мұнай өндіру көлемі 8 мың баррель немесе тәулігіне 1100 тоннаны құрайды. Алдағы жылы мұнда жаңадан 60 ұңғы бұрғылау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар