Солтүстік Ирландияда католиктер мен протестанттар қақтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.58
  • 571.8
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Ирландияда католиктер мен протестанттар қақтығысты

Солтүстік Ирландияда католиктер мен протестанттар қақтығысты

Солтүстік Ирландия астанасы Белфаста католиктер мен протестантар жаға жыртысты. Екі діни топ қала көшелерінде шеру өткізуге қатысты ортақ мәмлеге келе алмай, арты қақтығысқа ұласқан.

  • 4 Қыркүйек 2012
  • 1466
Фото - Caravan.kz


Республикашыл католиктер Солтүстік Ирландияның Ұлыбританиядан бөлініп, Ирландияға қосылуын қалайды. Осы мақсатта ұйымдастырылған кезекті шеруге, ағылшындардың құрамында қалғысы келетін протестанттар кедергі жасамақ болыпты. Қақтығыс кезінде тараптар бір-біріне тас атып, таяқ қолданған. Араға түскен полиция қызметкерлеріне де оңай болған жоқ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 офицер ауыр жараланып, ақыры шерушілерді таратуға су атқыштар қолдануға тура келген. Протестанттар мен католиктер 1998-ші жылы күш қолданбау туралы бейбіт келісімге келгенімен, ара кідік осындай қақтығыстар болып тұрады.