Солтүстік Каспий жобасы нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуына байланысты бірнеше мың адам жұмыссыз қалды
![]() |
Қазақстанның батысында Солтүстік Каспий жобасы нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуына байланысты бірнеше мың адам, оның ішінде еліміздің азаматтары жұмыссыз қалды. |
Бұл жайында «Экспресс К» газетіндегі «Мен мұнайшы болар едім, бірақ алмайды» деген тақырыптағы мақалада кеңінен баяндалған.
Атырау облысы активінің алдында өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов теңіз және жерүсті нысандарында босатылған жұмыс орындарының санын жария етті. Сонымен қатар Атырау облысының әкімі бұл мәселенің Eni мұнайгаз концернінің басшылығымен де талқыланғандығын атап өтті.
«Мен Eni компаниясының президенті Джузеппе Реккимен және бас директоры Паоло Скаронимен кездестім. Біздер «Қашаған» жобасында және «Болашақ» зауытында жүргізілетін жұмыстар жайында сөйлестік. Осы жобалардағы қазақстандық жұмысшылардың жұмыстан босатылуы сынды үлкен проблемаға назар аудардық», - деді аймақ басшысы.
Оның атап өтуінше, жыл басынан бері тек қана «Болашақ» жобасында жұмыс істеп жатқан 3 323 адам жұмыстан босатылған. Жыл соңына дейін тағы 2900 адам қызметімен қош айтысады. Ал келер жылдың бірінші жартыжылдығында «Қашаған» жобасынан 5,5 мың адам жұмыстан шығарылады. Олардың қатарында мыңдаған қазақстандық азамат бар. Дегенмен, облыс әкімінің сөзіне қарағанда, 2014 жылы Agip компаниясының басшылығы шамамен 4 мың адамды жұмысқа қабылдауға уәде беріп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін