Солтүстік Каспий жобасына ҚазМұнайГаз компаниясының қатысуы кеніштің дамуын жеделдетуге түрткі болмақ - ENI - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Каспий жобасына ҚазМұнайГаз компаниясының қатысуы кеніштің дамуын жеделдетуге түрткі болмақ - ENI

Солтүстік Каспий жобасына ҚазМұнайГаз компаниясының қатысуы кеніштің дамуын жеделдетуге түрткі болмақ - ENI

"Солтүстік Каспий жобасындағы Бритиш Газ үлесінің жартысын Қазақстанның сатып алып өзара өнім бөлісу туралы келісімге бірігуі Қашаған кенішін нығайтып қана қоймай, кеніштің дамуын жеделдетуге түрткі болмақ". Италияның ENI мұнай концернінің директорлары кеңесінің төрағасы Витторио Минкато осындай пікір білдірді,- делінген компанияның баспасөз баянында.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 577
Фото - Caravan.kz

В.Минкатоның айтуынша, «әлемдік мұнай индустриясының ең таңдаулы білім мен біліктілік қоры шоғырланған осынау маңызды жобаның табыстыжүзеге асырылуы Қазақстан мен оған қатысушы компаниялар үшін стратегиялық маңызға ие».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Солтүстік Каспий жобасына қатысушы мердігер компаниялармен 1997 жылғы 18 қарашадағы Каспий теңізі байлығын игеру кезінде өнімді бөлу келісіміндегі Бритиш Газ компаниясы қатысу үлесінің жартысын Қазақстан Республикасы атынан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының сатып алу жөніндегі келіссөздер сәтті аяқталды. Бритиш Газ үлесінің жартысын Қазақстан сатып алғаннан кейін жобаға қатысушылардың құрамы мынадай болмақ: ENI (Солтүстік-Каспий жобасының біртұтас операторы), Total, Exxon Mobil, Shell (үлестері 18,52 проценттен), ConocoPhillips (үлесі 9,26 процент) және Inpex пен «ҚазМұнайГаз»(үлестері 8,33 проценттен).
Теңіз байлығын игеру барысында өнімді бөлу келісімі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан ірі кеніштерді игеруді қарастырады. Әр кенішті игеру 40 жыл мерзімге дейін созылуы мүмкін.
Жалпы геологиялық қоры 38 млрд. баррельге ал, өндірілетін қоры кем дегенде 7-9 млрд. баррельге бағаланған Қашаған кенішін игеруді консорциум 2008 жылы бастауды жоспарлап отыр.

Перейти к новостям спорта