Солтүстік Корея АҚШ-қа бейбітшілік жөнінде келісімшарт жасасуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Корея АҚШ-қа бейбітшілік жөнінде келісімшарт жасасуды ұсынды

Солтүстік Корея АҚШ-қа бейбітшілік жөнінде келісімшарт жасасуды ұсынды

Егер АҚШ бейбітшілік жөніндегі келісімшартқа қол қойса, КХДР Корей жарты аралындағы жағдай бойынша

  • 2 Қазан 2015
  • 289
Фото - Caravan.kz


«сындарлы диалог» өткізуге келіседі. Бұл туралы Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Ли Су Ен мәлім етті, деп хабарлады www.rg.ru. 

«АҚШ БАҚ арқылы татуластық туралы келісімді бейбітшілік жөніндегі келісімшартқа ауыстыруға келіссе, КХДР үкіметі Корей жарты аралындағы соғыс пен қақтығыстар болмауы үшін конструктивті диалог өткізуге дайын», — деді Ли Су Ен. Оның БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясындағы жалпы саяси пікірталаста сөйлеген бұл сөзін «ТАСС» агенттігі жария етті. 
Дипломат мұны мәселені шешу жолында Пхеньян ұсына алатын ұтымды нұсқа деп атады.

Соңғы жаңалықтар