Солтүстік Корея теңізшілері Ресей кемесіне оқ жаудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Корея теңізшілері Ресей кемесіне оқ жаудырды

Солтүстік Корея теңізшілері Ресей кемесіне оқ жаудырды

Солтүстік Корея теңізшілері Ресей кәсіптік кемесіне оқ жаудырды, деп хабарлады РБК.

  • 21 Қыркүйек 2013
  • 345
Фото - Caravan.kz

Аталған оқиға кеше кешке Жапон теңізінің бейтарап су аумағында орын алған, деп хабарлады Росрыболовство.

Экипаж мүшелерінің арасында жараланғандар жоқ. Атыс салдарынан кемеге де ешқандай зақым келген жоқ, деп хабарлайды Russia Today.

«Алтай» балық аулау кемесі тірі шаян жүгімен Зарубино портынан Оңтүстік Кореяның Донгхэ қаласына бара жатқан. Бейтарап суға кірген кезде кемеге қарсы оқ атылған, кейін оның бортын солтүстік корейліктердің кемесінен шыққан қаруланған адамдар қарап шықты.

Капитанды 10 минут тергеп, тексергеннен кейін, ресейлік кемеге әрі қарай жолын жалғастыруға рұқсат берді.