Бұл туралы Daily Mail жазды.
Журналистерге берген сұхбатында спортшы қайта өз көсемі Ким Чен Ынуге жеңіс сыйлағанына қуанышта болғанын айтқан. Daily Mail журналистері спортшының көңілсіздігін, еркіндікті сезініп қалғандықтан Пхеньянға қайтуды ойлап көңілі түсіп тұр деп болжаған.
Тура осы бәсекеде күміс жүлдегер атанған ресейлік спортшы Денис Аблязин мен қола жүлдеген жапондық Кэндзо Сираидың қуаныштары беттеріне шығып тұрды. Бірақ, чемпионның жүзіндегі қуаныш емес көңілсіздік жұрттың барлығын қайран қалдырды.
Журналистердің көңілсіз спортшының отанына оралуды ойлап тұрғаны жайлы болжамы түсінікті жайт. Солтүстік Корея спортшылары Олимпиада ойындарына қатысқанымен қатаң бақылауда. Тіпті жақында ғана оларға сыйлыққа берілген ұялы телефондарды да жинап алған. Себебі ел билігіндегілер спортшылардың сыртқы ортамен байланыс ұстауынан қорқады екен.
Оңтүстік кореялық компанияның бірі Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы кезінде 11 200 спортшыға демеуші ретінде өздерінің жаңа смартфондарын сыйға тартқан болатын. Солтүстік Кореяның олимпиадалық комитеті өз спортшыларына смартфондарды ұстауға, өзге спортшылармен араласуға, қалада саяхат жасауға дейін тыйым салды.
Спортшыны марапаттау рәсімі.