Әсіресе, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай мен Қарағанды облыстарында күн қатты суытпақ. Мұнда температура – 5 градусқа дейін төмендемекші. Сүйектен өтер қара суықтан тоңған орталықтың тұрғындары қыстық киімдерін қайта шығаруға мәжбүр. Ал жылу тек қазанның 15-не таяу берілетінін ескерсек, ызғардан қорғану үшін жұрт тоқ пештерін қосып амалдауға көшкен. Ал бірі бүрсеңдеп отырғанда, Оңтүстікте әдеттегідей күн райы шуақты. Жаңбыр да жоқ. Бірақ бұл өңірлерде қалың тұман түсіп, күшті жел тұруы мүмкін.