Талапкерлер өз материалдарын ішкі саясат басқармасының атына 2011 жылдың 2 желтоқсанына дейін жолдай алады. Конкурс ережесі бойынша, 2011 жылдың 1 қаңтары мен 1 желтоқсаны аралығында эфирге шыққан, Интернет-порталда жарияланған «Тәуелсіздік жылдарындағы — Солтүстік Қазақстан облысы» тақырыбын қамтитын материалдар — мақалалар, бейнематериалдар, сюжеттер, теле-радиобағдарламалар қабылданады.