Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде астрофизикалық обсерватория салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде астрофизикалық обсерватория салына бастады

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде астрофизикалық обсерватория салына бастады

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Болашақ ғарыштық үй" атты жоба жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің физика кафедрасының меңгерушісі Андрей Солодовник хабарлады.

  • 31 Шiлде 2003
  • 637
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазіргі заманғы оптикалық телескоппен жабдықталған астрофизикалық обсерватория, әдістемелік орталық пен планетарий салу жоспарланып отыр.

Бұған дейін унивесситетте бір телескоп болған, десе де ғалымдар мен студенттер замана талабына сай жаңасын алуды армандаған көрінеді. Қиялды жүзеге асырудың алғашқы сатысы ретінде 1992-жылы Қырым астрофизикалық обсерваториясында жасалған Ричи-Кретьен жүйесіне жататын жоғары сапалы оптикалық кешен сатып алынған. Осыдан бір жылдан кейін Ресейдің Тихорецк қаласында телескоп жасала бастады. Алайда экономикалық ахуалы мүшкілденген фирма банкроттыққа ұшырайды. Жартылай құрастырылған қондырғыны Петропавловскде одан әрі толықтыру туралы шешім 1999-жылы қабылданған. Сөйтіп, А. Солодовник, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің физика кафедрасының доценті Павел Леонтьев, аға оқытушы Андрей Еднерал, техник-құрастырушы Владимир Бельченко және инженер-конструктор Борис Михеда тәрізді адамдардың күшімен телескоптың жаңа қосалқы бөлшектерін жасау қолға алынды.
А. Солодовниктің айтуынша, алыс планеталар, астероидтар, квазарлар, жұлдыздар мен бүкіл галактиканы адамдарға жақындататын жаңа қондырғыға ғалымдар көп үміт артуда. Сонымен бірге телескоп аз уақыт ішінде бір нысанды бірнеше әдіспен зерттеуге мүмкіндік береді. Жаңа телескоп көлемі жағынан ҚР Ғылым академиясының астрофизикалық зерттеулер институтындағы телескоптан кейін еліміздегі екінші телескопқа айналып, бұл тұрғыда Мәскеу, Киев және Санкт-Петербург университеттері обсерваторияларындағы телескоптардан қуаты асып түседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар