Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын болып өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын болып өтті

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінде өңір басшысы Серік Біләлов Петропавловск қаласын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған шұғыл жиын өткізді. Күн тәртібінде облыс орталығын жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету және қыс маусымына арнап көкөніс дайындау мәселелері талқыланды.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдерін сатушылармен «Қызылжар» коммуналдық базарына өнім жеткізу жөніндегі келісім-шартының жобасы жасалды.

«Облыс орталығы тұрғындарының жеміс-көкөніс өнімдеріне деген жылдық сұранысы 34 мың тоннаны, соның ішінде картопқа деген сұраныс — 18 мың тоннаны, сәбіз, қызылша мен пиязға деген сұраныс — әрқайсысы 4 мың тоннаны, қырыққабат — 5 мың тоннаны, қызанақ пен қияр — 1 мың тоннаны құрайды», -деді Петропавловск қаласы әкімінің міндетін атқарушы Тотыкамал Құлжанова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар